Әлем

Жириновскидің жағдайы қиын деп жатыр

Өкпесі 50-75 пайызға дейін қабынғанын…

Ресейлік саясаткер, либералдық-демократиялық партияның көшбасшысы Владимир Жириновский Мәскеудегі Орталық клиникалық ауруханаға жеткізілген. 75 жастағы саясаткердің жағдайы ауыр көрінеді. 

Бұл туралы  «Замана»–ақпаратқа сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады.

Жириновский жетекшілік ететін Либералдық-демократиялық партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, саясаткердің ауруханаға түскеніне екі күн болған.

Кейбір ақпарат көздері оның өкпесі 50-75 пайызға дейін қабынғанын жазып жатыр. Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

ЛДПР көшбасшысы сегіз рет вакцина алғаны да айтылады. РФ Ғылым академиясының академигі, вирусолог Виталий Зверевтің пайымынша, саясаткер иммунитетін құртып алған.

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновский 1946 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Масанчи көшесіндегі №79 үйде тұрып, 1964 жылдың 3 маусымында Қазақстаннан көшіп кеткен.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.4 / 5. Бағалар саны: 7

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.