Әлем

Ұсталып кете беруден шаршаған полицейлер құрбан шалып, садақа берді

Құрбандыққа құқық қорғаушылар жәй қой емес, қошқар шалған.

11 қыркүйекте Бішкектегі патрульді полиция ғимаратының аумағында тулоо (бақытсыздықтар мен бақытсыздықтардан құтылу рәсімі) өткен.

Бұл туралы kaktus.media сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады.

Іс-шараға патрульдік қызметтің өкілдері мен дін қызметкерлер қатысқан. Құрбандыққа құқық қорғаушылар жәй қой емес, қошқар шалған.

Бұл тулооны өткізу патрульдік қызметтің айналасындағы соңғы оқиғаларға тікелей қатысы бар деп жазады кактус басылымы.

Естеріңізге сала кетейік, 27 тамыз күні кешкісін УЖСМ қызметкері жол ережесін бұзушы Шыңғыс Әбдіраевты өлтіріп алған. Оқиға сағат 21: 00-де Имам Сарахси атындағы орталық мешіт жанында болған. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, оқ қайтыс болған жігіттің жүрегіне тиген. 20 қыркүйекте ол үйленуі керек болған.

Құрбан шалу оқиғасы тек қырғыз ағайындарға ғана тән емес. Естеріңізде болса, қайбір жылы қарағандылық «Шахтер» клубы да футбол алаңында қой сойып, УЕФА тарапы ескерту жасаған еді.

P.S. Полицейлердің қиын жағдайда құрбан шалғаны құптарлық іс. Бірақ погондарындағы жұлдыздары жуандап, қызметтері өсіп, бұйрық шыққан күні құрбан шалып, Құдайға жалбарына ма екен?

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.3 / 5. Бағалар саны: 8

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.