Әлемде

Ресейдің бұрынғы елшісі АҚШ Орталық барлау басқармасының бастығы болмақ

0
(0)

Джо Байден Орталық барлау басқармасының директоры лауазымына Ресейдегі бұрынғы елшісі Уильям Бернсті ұсынады, деп хабарлайды NewsRoom.kz тілшісі.

Бұл туралы АҚШ-тың жаңадан сайланған Президентінің өтпелі тобы хабарлады.

«Бернс халықаралық дәрежедегі таптырмас дипломат. Американың қауіпсіздігі мен сыртқы саясатын бес саусағындай білетін ол өз пайдасын көп күттірмей тигізеді», –дейді Байден.

Бұған дейін кадр дипломаты Бернсті Мемлекеттік хатшы етіп тағайындайды деген сыбыс шыққан, бірақ соңында кресло Энтони Блинкенге ұсынылды.

Айта кетейік, Бернс 2005-2008 жылдары АҚШ-тың Ресейдегі елшісі болды. 2009 жылы ол Кондолиза Райстың отставкаға кетуінен кейін және Хиллари Клинтон қызметке кіріскенге дейін мемлекеттік департаменттің басшысы болды.

Сұлтан Әбдірасыл

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button