Әлемде

АҚШ-та ереуілшілер Христофор Колумб ескерткішін бұзып тастады

0
(0)

АҚШ-тың Ричмонд қаласында ереуілшілер Христофор Колумбтың ескерткішін бұзып тастады, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі «Хабар 24»арнасына сілтеме жасап.

Негізі, алғашында шаһардағы саябаққа жиылған мыңдаған адам бейбіт шеру өткізбек болған. Алайда артынан ескерткішті құлатып, оны өртеп жіберді.

Жалпы, АҚШ-та мамырдың аяғынан бері нәсілшілдік пен полицейлердің озбырлығына қарсы тәртіпсіздіктер басылмай тұр. Осы ретте Ричмонд қаласының мэрі азаматтық соғыс кезінде құл иеленуші штаттардың жағында күрескендер құрметіне орнатылған ескерткіштердің бәрін алып тастауға ниетті екенін айтқан. Ашынған жұрт бұған дейін шаһардағы тағы бір мүсінді бүлдірген. Ол да Конфедераттар әскері жағында шайқасқан генералдың құрметіне орнатылған еді. Бірақ ереуілшілердің Христофор Колумб ескерткішін неге бұзғаны әзірге белгісіз.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close