Әлем

Жұрттың баласы! Өзбекстан Қазақстан мен Ресейге одақтас болудан бас тартты

Өзбекстан Республикасы газ бен электр энергиясын «әлдебір одақ немесе альянс аясында емес», нақты шарттары мен сомасы көрсетілген коммерциялық келісімшарт арқылы саудалауға ниетті, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz дереккөздеріне сілтеме жасап.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен оның ресейлік әріптесі Владимир Путиннің кездесуінде Ресейдің газын Қазақстан мен Өзбекстан аумағы арқылы тасымалдау үшін арнайы «үштік одақтың» құрылу мүмкіндігі сөз болған еді.

«Өзбекстанның энергия жүйесін ешкім жай пайдалана алмайды. Біз кез-келген келіссөзде өзіміздің ұлттық мүддемізді ескеруге тиіспіз. Сол себепті де мұндай мәселелер тек коммерциялық келісімшарттар негізінде жүзеге асуға тиіс деп есептейміз», — деп мәлімдеді Өзбекстанның энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов.

Фото: halyq-uni.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.