Әлемде

Қытайда толассыз жаңбырдан 1,76 млн адам зардап шекті

0
(0)

Орталық және Оңтүстік Қытайда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 1,76 млн адам зардап шекті, 9 адам қаза тауып, тағы 5-еуі із-түзсіз жоғалды, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, бұл, Қытайдың сегіз провинциясы мен автономды аудандарындағы (Цзянси, Хунань провинциясы, Гуанси-Чжуан автономды ауданы және т.б.) 8 маусым күнгі мәліметтер. 120 мың адам эвакуацияланып, 900 ғимарат қираған, 13 мыңнан астамы зақымдалған. 113,5 мың гектар егістік жер зардап шеккен. Тікелей экономикалық шығын 28,8 млрд юаньға бағаланып отыр.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close