Әлем

Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон отставкаға кететінін мәлімдеді

Inbusiness.kz дереккөздеріне сүйене отырып, Борис Джонсон Ұлыбритания премьер-министрі және консервативті партияның жетекшісі қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді деп newsroom.kz хабарлайды.

«Консервативті партияның жаңа көшбасшысын таңдау процесі басталуы керек», – деді ол.

Бірақ ол жаңа премьер таңдалғанға дейін партия мен үкімет басшысының міндеттерін орындайтынын айтты.

Бұған дейін Ұлыбритания үкіметіндегі 30-дан астам шенеунік Премьер-Министр Борис Джонсонға деген сенімін жоғалтуына байланысты қызметінен кетті. Отставкаға кеткендердің қатарында министрлер де, депутаттар да бар. Олар Джонсонға хат жазып, оның премьерліктен бас тартуын талап еткен болатын.

Борис Джонсон Ұлыбританияның премьер-министрі болып 2019 жылғы 24 шілдеде тағайындалды. Ол елді 2019 жылдың 31 қазанында ЕО-дан шығарып, тіпті қажет болса одақпен байланысты үзуге дейін баратынын жариялаған еді.

Фото: interfax.ru

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.