Әлем

Жұрттың баласы: мемлекеті мықты мажарлар

Еуропаның шағын ғана елі Мажарстан (біздіңше – Венгрия) жаңа үйленген жас жұбайларға үкіметі   31 мың еуроға дейін  пайызсыз несие береді екен.

Бұл аз ақша емес.  Сосын не болады дейсіз ғой?

Бірінші бала туылса, бұл несиені төлеу үш жылға дейін кейінге шегеріледі.  Екінші бала дүниеге келсе,  жаңағы қарыздың 10 мың еуросын қысқартады.

Үшінші балаң туылса, қарыздан толық құтылады екенсің. Сұмдық па?! Бұл әлі соңы емес.

Төрт және одан көп бала туған әйелдер  өмірінің соңына дейін  жәрдемақы алады және мемлекетке  салық төлеуден толық босатылады. Міне,  демографиясын ойлаған елдердің салиқалы саясаты.

Ал бізде қалай? Не ойлайсыз, құрметті оқырман?

 

Әлеуметтік желі белсендісі Раушан Жәкешбайдың постының негізінде өңделіп жазылды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.