Әлем

Жұрттың баласы! Қырғыз футболшысы шетелдік футбол клубқа ауысты

Шейх Русселдің есімін иеленген клуб Дакка қаласында орналасқан.

Футболдан қырғыз елінің ұлттық құрамасының қорғаушысы Айзар Акматов Бангладештің «Шейх Руссел» клубына ауысты. Бұл туралы sputnik.kg сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады.

23 жастағы қорғаушы енді 34 нөмірмен ойын алаңына шығады. Оған дейін ол қырғыз елінің «Дордой» клубында ойнаған. Осы клубта 64 ойын өткізген Акматов 2 гол соққан. Бангладешке еркін агент ретінде кеткен оны Азия клубы тегінге алған. Яғни, ол еркін агент болғаны үшін тікелей келісім-шартпен Бангладешке кеткен.

Жапонияда өткен 2022 жылға Әлем чемпионатына іріктеу барысында Айзер Акматов Моңғолиямен өткен ойында қақпашының да рөлін алып шыққанымен танылған. Себебі, сол матчта ковидке күдікті деген қақпашылар ойын алаңына шықпаған. 0:1 есебімен моңғолдардан жеңілген қырғыз ағайындар Әлем чемпионатынан қағылып, 2023 жылы өтетін Азия ойындарына таласуда.

Бангладеш мемлекетінің негізін қалаушылардың бірі Шейх Русселдің есімін иеленген клуб Дакка қаласында орналасқан.

Айтқандай, қазақ футболшылары қашан Әлемдік клубтарға барады? Өткенде ғана «Ромада» ойнайтын өзбек футболшысын жазып ек. Әлде біздің футболшылар Еуропаға қайта-қайта барып, ұтылып келе бере ме?

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.7 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.