Әлемде

Ажырату қиын: Бір күнде оқу бітірген анасы мен қызы әлем назарын аударды

0
(0)

Жасмин Куджи мен оның анасы Синтия АҚШ-та бір уақытта медициналық білім алды. Бойжеткен өз өмірін хирургияға арнауға шешім қабылдаса, анасы отбасылық дәрігер атанбақшы.

Сонымен қатар, екеуі де бір ауруханада жұмыс істейтін болады деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Life.ru-ге сілтеме жасап.

Reddit әлеуметтік желісінің қолданушылары 49 жастағы келіншек пен 26 жастағы арудың бітіру кешінде түскен суреттерін көріп, оларды бір-бірінен айыра алмай қалғанын жарыса жазды.

Расымен де сұлулардың суретіне бір қарағанда олардың қайсысы анасы, қайсысы қызы екенін бірден аңғару қиын. Екі медициналық қызметкер де әлдеқайда жас көрінеді. Олардың маржандай аппақ тістері, мінсіз бет терісі, сусылдаған шаштары өздеріне еріксіз назар аудартып, көпті тамсандырады.

Алайда суреттерде анасы көбінесе сол жақта тұрады. Келіншектің бойы қызына қарағанда қысқа.

Синтия өмір бойы дәрігер болуды армандаған. Алайда 23 жасында жүкті екенін білгенде бар арман-мақсатын кейінге шегеруге мәжбүр болған деп жазады Fox5.

Кейінірек келіншек жай ғана мейірбике болып қызмет етіп, қызын асырапты. Енді медициналық қызметкер көптен аңсаған арманына қол жеткізіп, дәрігер атанды. Оның қызы Жасмин де анасының ізін жалғап, алдағы уақытта адамдарға көмектесетін болады.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close