Әлем

Ирандағы қазақ баласы 600 мың оқушыдан озып, президентпен кездесті

Ерфан Көрпе бүгінде Тегеран университетінің медицина және жаңа технологиялар факультетіне оқуға түскен.

Иранның солтүстігінде орналасқан Гүлістан облысының Бәндәр-Түркаман қаласындағы «Тизһушан» (Зерек балалар) мектебінің биылғы түлегі Ерфан Көрпе ел президенті Ибраһим Раисидің қолынан үздік көрсеткіші үшін алғыс хат алды.

Бұл туралы Instagram желісіндегі dara_qazaqstan парақшасына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы хабарлайды.

dara_qazaqstan парақшасының хабарлауынша, Иранда жыл сайын ЖОО-ға түсуге конкурс өтеді. Биыл 600 мың бала қатысыпты. Солардың ішінде Ерфан Көрпе 3-орын алған. Үздік ондыққа, жүзікке және мыңдыққа іліккен балалар парсы елінде ерекше бағаланады екен.

Ерфан Көрпе бүгінде Тегеран университетінің медицина және жаңа технологиялар факультетіне оқуға түскен.

Алғаш рет Гүлістан облысынан және қазақ қауымы арасынан осындай көрсеткіш көрсеткен баланы «Һамйаран» қазақ қауымы облыстық деңгейде бір құттықтаса, Тегеран университетінде мемлекеттік деңгейде ел басшысы Ибраһим Раиси мырза екінші рет құттықтады деп жазады newsroom.kz порталы.

Айта кететін жайт, Иранда конкурс сала-салаға бөлінеді екен: қолданбалы ілім, математика, гуманитарлық ғылым, өнер және тіл.
Жалпы талапкерлер саны 1 367 931 адам болған. Оның ішінде қолданбалы ілімге 600 000 бала тапсырған. Соның арасынан Ерфан топ жарды.

Ескерту: аталмыш мақаланы newsroom.kz порталына сілтемесіз көшіріп басуға тыйым салынады!

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.2 / 5. Бағалар саны: 63

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

1 Пікір

1 Пікір

  1. Айман

    06.11.2021 at 17:11

    Иранда жыл сайын 9 миллионнан астам мектеп бітіруші жоғарғы оқу орындарында түсу үшін конкусқа қатысады. Бұл мақалада талапкерлер саны дұрыс берілмеген. 85-90 миллион тұрғыны бар елде тек бір-ақ миллион талапкер болатын ба еді. Тек жаратылыс тану бағытында конкурсқа қатысулар санының өзі бұл берілген цифрлардан әлде қайда көп болады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.