Әлемде

Минскке 80 БТР кірді: Беларусь астанасында не болып жатыр?

4.5
(19)

Бүгін Минскте кезекті мәрте наразылық акциялары өтуде. БАҚ-тың мәліметінше наразылық акциясына кемі 50 мың адам қатысуда.

Тәуелсіз БАҚ өкілдерінің хабарлауынша «Бірлік шеруіне» қатысушыларды президент сарайына юібермеу мақсатында арнайы жасақ пен 80 БТР мен БМП Минскке кіргізілген. Орталық көшелер бұғатталуда. Наразы топты тоқтату үшін арнайы газ және су шашу құрылғылары дайын тұр.

TUT.BY басылымының хабарлауынша Тәуелсіздік алаңын арнайы жасақ қоршауға алған. Сонымен қатар метро мен кей орталық көшелер де бұғатталуда.

Минсктің ІІМ «қала көшелері наразылардың тәртіпсіздік жасау әрекетін тоқтату үшін жабылатынын» мәлімдеді. Қалада интернет байланысы шектелген. Шеруден арнайы суреттерді назарларыңызға ұсынамыз.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.5 / 5. Бағалар саны: 19

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close