Әлем

АҚШ-та электр станцияларына шабуыл жасалды: Солтүстік Каролина штатында 2 күннен бері жарық жоқ (Видео)

АҚШ-тың орталығындағы Солтүстік Каролина штатында 2 күннен бері жарық жоқ, деп newsroom.kz хабарлайды 24.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Электр қуатын беретін 2 бекетті бұзақылар атқылап, істен шығарған. Билік бұл әрекетті «қасақана жасалған шабуыл» деп бағалады. Қаскөйлердің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз дейді аймақтағы полиция басшысы. Бүгіннен бастап мектептер жабылды. Сондай-ақ шабуыл жасалған округ аумағында кешкі сағат 09:00-дан таңғы 05:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Өңір тұрғындарының 64% қазір жарықсыз отыр.

Ронни Филдс, Солтүстік Каролина штатының шерифі:

– Бұл өте алаңдатарлық жағдай. Азаматтарымыз бен бизнес нысандарын лайықты деңгейде қорғау үшін түнгі уақытқа комменданттық сағат енгіздік. Әзірге ешқандай мотивті көріп тұрған жоқпыз және лаңкестік іспен байланысы бар деп те айта алмаймыз. Осы бағытта мамандар іске кірісті.

Фото: ctv.by

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.