Әлемде

Франция: экс-президент қайтыс болды

0
(0)

Францияның бұрынғы президенті Валери Жискар д’Эстен 94 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап

д’Эстен атындағы қор өкілдерінің айтуынша, экс-президент коронавирустан қайтыс болған. Бұл туралы Europe 1 радиосы хабарлады.

Қарашаның ортасында саясаткердің ауруханаға жатқызылғаны айтылған. 20 қарашада ол үйіне шыққан. д’Эстен қыркүйекте де өкпесіне суық тиіп ауруханада жатқан. Ол кезде дәрігерлер коронавирусты анықтамаған және науқас тез арада үйге шығарылған.

Валери Жискар д’Эстен 1926 жылы Францияның Германия территориясынан басып алған Кобленцте дүниеге келген.  1974 жылы Помпиду қайтыс болғаннан кейін Жискар д’Эстен президент сайлауында жеңіске жетті.

1981 жылы ол қайта президент сайлауында жеңіліп қалды. Содан кейін Франция академиясының мүшесі болды, Франция Конституциялық кеңесінің отырыстарына қатысты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button