Әлемде

НАТО генералы: Ресей Балтық елдеріне шабуыл жасауға дайындалуда

4
(14)

НАТО генералы Йорг Фоллмердің пікірінше Ресей Балтық елдеріне шабуыл жасауы мүмкін. Ол қауіптің алдын алу үшін НАТО Балтық елдерін барынша заманауи қарумен қамтамасыз етуі тиіс.

Фоллмердің мәліметінше соңғы бес жыл ішінде «әскери Шенген» түсінігі пайда болды. Ол бойынша НАТО-ға мүше елдердің техникалары бір-біріне еркін өте алады. Бұл қорғаныс саласын жетілдіріп, шабуыл барысында жылдам көмекке келуге сеп болмақ.

«Қазіргі таңда одақтас елдерде жүздеген мың әскер ұстаудың қажеті шамалы. Өйткені ондай күшті бірнеше сағат ішінде жеткізуге болады. Сондықтан инфрақұрылымды жетілдірген жөн. Жолдар салып, көпірлерді жасау керек», — дейді Фоллмер.

 

«Мысалы егер біз Балтық елдеріне 100 танк жеткізетін болсақ, онда оларды арнайы трейлерге салып апарамыз. Ал ол үшін сапалы жол керек. Оның салмағын мықты жол болмаса көтере алмайды. Ресей басып кірсе, біз жылдам жетіп, қарымта соққыны жасаймыз», — деді генерал.

Асхат Қасенғали

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 14

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close