Әлем

Климаттың кесірінен тұтас ел көшкелі жатыр

Климаттық жылынудың салдарынан жойылудың аз алдында тұрған біздің планетадағы алғашқы ел.

Тынық мұхиттағы Тувалу елі ғаламдық жылынудың салдарынан Жаңа Зеландияға көшкелі жатыр. Бұл туралы newsroom.kz порталы lenta.ru сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш елдің сыртқы істер министрі Саймон Кофе бұл мәселеге назар аударту үшін Глазгода өткен жаһандық саммитте ел астанасында тізесінен келетін суда тұрып тікелей эфирге шыққан. Ол видеосы қазіргі тілмен айтқанда хайп болып кеткен Саймон Кофе қазір елді сақтап қалудың бар мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтқан.

Қазір 5 мыңға жуық ел тұрғыны Жаңа Зеландияға көшіп кеткен. Бұл – елдің жарты тұрғыны деген С.Кофе ел азаматтарын түгел сандық форматқа көшіріп, Тувалу елі тек цифрлы форматта қалуы мүмкін деген.

26 шаршы шақырымды алып жатқан Тувалу халқының саны – 11 мың адамды құрайды. Жалпы ішкі өнімі – 45 млн долларды құрайтын аралдық ел 1975 жылға дейін Эллис аралы деп аталып келген. Ел астанасы – Фунафути қаласы. Қазір климаттық жылынудың салдарынан жойылудың аз алдында тұрған біздің планетадағы алғашқы ел.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.