Әлемде

Си Цзиньпин: әскеріміз өлімнен қорықпай, соғысқа дайын болсын!

4.2
(5)

Қытай басшысы Си Цзиньпин әскердің дайындығын арттырып, соғысқа дайын болуға шақырды. Бұл туралы South China Morning Post басылымы хабарлады.

Бейжіңде әскеилердің алдында баяндама жасаған Си Цзиньпин әскердің соғысқа дайын болып, өлімнен қорықпау керектігін айтты.

«Соғыстағы жеңіс кілті – үздіксіз әскери дайындықтан тұрады. Әcкери дайындық қорғаныс саласының басты міндеті. Бұл әскери біліктілікті арттырудың жалғыз жолы», – деді ол.

Қытай басшысы әскерилердің рухы жоғары болып, отан үшін өлімнен де қорықпау керектігін айтты.
Сарапшылардың пайымынша, Қытай ішкі және сыртқы жағдайға байланысты қорғаныс саласын күшейтуге мәжбүр болуда.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.2 / 5. Бағалар саны: 5

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button