Әлемде

Ресей: Өзбекстан Еуразиялық Экономикалық Одақта бақылаушы статусын алады

4.3
(6)

Өзбекстан желтоқсан айында Еуразиялық Экономикалық Одақта бақылаушы статусын алады. Бұл туралы 1-желтоқсанда Ресейдің өндіріс және сауда министрлігінің департамент басшысы Михаил Анисимов хабарлады.

«Өзбекстанға желтоқсан айында Еуразиялық Экономикалық Одақтың бақылаушы статусы беріледі. Өзбекстанмен жаңа форматта жұмыс істеу, «еуразиялық бестікке» дамуға үлес болады деп санаймыз», — деді ол.

Өзбекстанның арнайы бақылаушы статусын алу уақыты «Өндірістік диалог: Ресей және Өзбекстан» онлайн-конференциясында белгілі болды. Бұл статусты Өзбекстан жыл соңында өтетін Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында алуы мүмкін.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 6

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button