Әлемде

Пашинян Ресейге қарата айтқан сөзін қайтып алды

0
(0)

Арменияның премьер-министрі Никола Пашинян Ресейдің «Искандер» атты зымыранын соғыс кезінде жарылмай сан соқтырды деп сынаған сөзін қайтып алды. Мұны премьер-министрдің баспасөз хатшысы Мане Геворгян айтты. Бұл жайлы Новая газет хабарлады.

Пашинянның баспасөз хатшысы Ресейдің қаруын «әлемдегі ең қуатты қарудың бірі» деп атап, Пашинянның «Искандер» зымыран кешенін сынаған сөзін қайтып алатынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Пашинянға әлдебіреулер «Искандерді» әлсіз, нашар қару деп өтірік ақпарат берген.

«Арменияның премьер-министрі сол мәліметке сеніп, ойын айтқан. Әрі айтқан пікірінің қате екенін мойындайды. Премьер-министрдің мәлімдемесі армян-ресей қарым-қатынасы мен серіктестігіне, әскери-өндіріс саласындағы байланысына сызат түсірмеуі керек. Өйткені оның ойында ондай ниет жоқ«, -деп түсіндірді Геворгян.

Айта кеткен жөн, 25 ақпан күні Арменияның әскерилері көтеріліп, премьер-министр Пашинянды биліктен кетуді талап еткен еді. «Өйткені Қарабақ соғысында армяндардың жеңілуіне қазіргі билік кінәлі» деп сөкті.

Ал оған дейін Пашинян Ресейден сатып алған «Искандер» зымыран кешенін нашар, ескі қару деп сынап, соғысқа қолданылған 10 зымыранның 9-ы ғана жарылды деп дерек келтірген. Бұған Арменияның Бас Қарулы күш штабы қолбасшысының орынбасары қарсы шығып, Пашинянның сөзін жоққа шығарды. Ал Пашинян болса, оны қызметтен қуды.

Әскерилердің көтерілуіне де осы себеп.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button