Әлемде

Bild: Ливияда Ресейдің 4 мың жалдамалы жендеті соғысуда

5
(4)

«Сәрсенбі күні АҚШ әскері Ливиядағы азамат соғысында ресейлік жалдамалы жендеттердің ауқымды операциясы жайында тың ақпараттарды берді», – деп жазады Bild.

Африка құрлығы бойынша барлау қызметтерін атқаратын (AFRICOM) АҚШ қорғаныс министрлігінің арнайы барлау қызметінің мәліметінше, Ливиядағы азамат соғысында Мәскеуге тікелей бағынатын 4 мың жалдамалы жендет генерал Халиф Хафтар жағында соғысуда делінген баяндамада. 4 мың жалдамалы жендеттің жартысы «Вагнер» тобынан болса, жартысы сириялық содырлар.
Баяндамада бұрын жарияланбаған тың ақпараттар жетерлік. Мысалы «Вагнер» жалдамалы жендеттеріне Мәскеудің тікелей қолдауымен 14 жойғыш ұшақтың берілгендігі айтылады. «Вагнер» жендеттері негізінен Сирт қаласы мен Аль-Джуфра әуежайын қорғауды басты міндеттері санайды.

Ливияға қару жеткізу бойынша қойылған тыйымға қарамастан, эмбаргоны бұзған Ресейге жаңа санкциялар салу мәселесі қаралуы мүмкін дейді сарапшылар.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button