Әлемде

«Аль-Арабия»: Израиль соңғы үлгідегі қару түрлерін Әзірбайжанға жіберуде

5
(7)

Израиль соңғы үлгідегі қару-жарақ түрлерін ұшақтарға тиеп, Әзірбайжанға жіберуде. Бұл туралы «Аль-Арабия» арнасы 30-қыркүйекте мәлімдеді.

Әскери қимылдар қарқынды түрде жүріп жатқан Таулы Қарабақ аймағына қатысты әлемдік ірі державалардың ұстанымдары өзгерер емес. Арменияның жақында Тель-Авивте ресми түрде елшілік ашқанына қарамастан, Израиль Әзірбайжанға қару сатушы елдердің басында тұр. Екі ел арасындағы қару және мұнай саудасы соңғы екі жылда бес есе өскен.

«Израиль Әзірбайжанға қарудың түр-түрін жеткізуде. Бакуге осымен екінші мәрте қару тиелген ұшақ келіп қонды», – деп хабарлады «Аль-Арабия» арнасы.

Әзірбайжан президентінің сыртқы саясат бойынша кеңесшісі Хикмет Гаджиев американдық Axios порталына Баку мен Израиль арасындағы әріптестікті жоққа шығармай, қақтығысқа дейін де қару-жарақ сатып алудың болғанын айтты.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 7

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close