Криштиану Роналду әлемдегі алғашқы миллиардер-футболшы атанды

Криштиану Роналду әлемдегі алғашқы миллиардер-футболшы атанды

ашық дереккөзі

Италиялық "Ювентус" пен Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду миллиардер болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы championat.com-ға сілтеме жасап.  width= Forbes басылымының мәліметінше, 35 жастағы шабуылшы қаржылық жағдайы 1 млрд доллардан асқан әлемдегі алғашқы футболшы атанды. Жалпы Криштиану бұндай көрсеткішке жеткен әлемдегі үшінші спортшы болып отыр. Одан бұрын спорт өкілдері арасында гольф ойыншысы Тайгер Вудс пен кәсіпқой боксшы Флойд Мейвезер миллиардер атанған болатын. Қазіргі уақытта Роналдудың табысының 650 млн долларын жалақысы құрайды. Қалған қаражатты ол демеушілік келісім шарттар арқылы тауып отыр. Соңғы жыл ішінде португалиялық 105 млн доллар табыс тауып, соның арқасында ең бай танымал тұлғалардың тізімінде төртінші орынға көтерілді. Айта кетейік, Криштиану Роналду Италияның "Ювентус" футбол клубына 2018 жылғы жазда ауысқан. Оған дейін 9 жыл бойы мадридтік "Реалдың" намысын қорғады.

Жүктелуде...