Жаңалықтар

Ресейлік келіншек отбасынан коронавирус табылғанын біле тұра баласын балабақшаға апарған

Ресейлік келіншек отбасынан коронавирус табылғанын біле тұра баласын балабақшаға апарған

Ресейдің Магадан қаласында дәрігерлер коронавирус жұқтырған адаммен байланысқа түсуі мүмкін 900 адамды оқшаулады. Бұл туралы Ресей үкіметінің отырысында Магадан облысының губернаторы Сергей Носов мәлім етті деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.  width= "Бір жауапсыз адамның кесірінен карантин шараларын сақтап жүрген еш кінәсі жоқ адамдардың жоспарлары бұзылуы мүмкін. Бұл тіпті, жауапсыздық емес – бетпақтық. Енді байланысқа түсуі мүмкін 900 адам оқшаулау шаралары біткенше Магадан облысынан шыға алмайды. Басқа жаққа жол жүру үшін билет алып қойғандар да бар – олардың ақшасын ешкім өтемейді", – деп мәлімдеді Носов. Ол ер адамның баласын балабақшаға алып келіп, кейіннен екіжақты пневмониямен ауруханаға жатқызылғанын атап өтті. "Ал ертесіне өзін-өзі оқшаулауға жіберілген әйел күйеуінің жұқпалы аурулар ауруханасында жатуына байланысты баласын балабақшаға әкеліп, кіреберістегі сауалнамаға "отбасында ешкімнің ауырмайтынын" жазған. Күйеуінің COVID-19 диагнозымен ауруханада жатқанын біле тұра, балабақшаға келіп, ешкім ауырмайды деп жазу үшін қаншалықты жауапсыз адам болу керек? Осындай жағдайда қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етеміз?", – деп шүйлікті губернатор.