10 айдан кейін мысығының еркек екенін білген ресейлік тұрғын сотқа жүгінді
10 айдан кейін мысығының еркек екенін білген ресейлік тұрғын сотқа жүгінді
Ресейдің Ульянов облысының тұрғыны Татьянаға сот арқылы үй жануарының жынысын дәлелдеуге тура келді. Ол бір жылға жуық уақыт бұрын асыл тұқымды ұрғашы мысықты сатып алған. Алайда, кейіннен мысығының еркек екенін байқаған деп жазады Newsroom+ тілшісі Life.ru-ға сілтеме жасап.
Татьяна үй жануарын асырауға шешім қабылдап, 16 мың рубльге (93 545 теңге) ұрғашы мысық сатып алған. Сондай-ақ үй жануарымен бірге оның жынысы көрсетілген құжат та болған. Содан он ай өткен соң Татьяна мысығының ұрғашы емес, еркек екенін байқаған. Үй жануарына бауыр басып қалған соң оны қайтаруға ниеті жоқ, алайда, алдағаны үшін сатушыдан ақшасының бір бөлігін өтеп алуға, сондай-ақ сәйкес құжатты қайта рәсімдеуге шешім қабылдаған.
Бірақ, мысықты сатқан адам ақшаның бір бөлігін қайтарудан бас тартқандықтан, Татьяна сотқа жүгінуге мәжбүр болады. Осылайша, Ульяновск облысының тұрғыны заңгерлермен бірге сатушыдан өтемақы талап етіп, сотқа арыз түсірді. Ақыры ол сот процесін жеңіп шыққан. Келіншек мысығына жаңа құжат жасатып, сатушыдан бес мың рубль өндіріп алған.