weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Уханьда коронавирусқа шалдыққан соңғы науқастар ауруханадан шықты

Уханьда коронавирусқа шалдыққан соңғы науқастар ауруханадан шықты

Уханьда коронавирусқа шалдыққан соңғы науқастар ауруханадан шықты
ашық дереккөзі
Қытайдың Ухань қаласындағы ауруханадан COVID-19 диагнозымен жатқан соңғы үш науқас жазылып шықты. Мұны қала әкімшілігі хабарлады.  width= Әлемді шулатып отырған коронавирус дерті 2019 жылдың желтоқсан айында нақ осы қаладан бастау алғандығы белгілі. РБК таратқан хабарда 5 маусым күні түн ортасынан бастап Ухань қаласы мен Хубэй провинциясында коронавирустың бірде-бір жаңа дерегі тіркелмегендігі айтылған. Соңғы үш науқас ауруханадан жазылып шыққан. Сөйтіп қалада бірде-бір коронавирус науқасы қалмаған. Еске сала кетсек, эпидемия етек алған кезде Хубэй провинциясында 68 135 адам COVID-19 дертіне шалдыққан болатын. 63 623 адам ауруынан сауықты, 4 512 адам қайтыс болды.