Арман Қырықбаев: барлық сұрақтарға рет-ретімен жауап беруге тырысамын
Арман Қырықбаев: барлық сұрақтарға рет-ретімен жауап беруге тырысамын
Достар!
Өздеріңізге белгілі, кеше «Nur Otan» Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы 17 тамыздан 3 қазанға дейінгі аралықта партияішілік таңдау, яғни праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойды.
Халықаралық озық тәжірибелерді жан-жақты қарастырып, партия ішінде қызу талқыдан өткізгеннен кейін Праймериз өткізу ережесі қабылданды. Ол біздің ресми сайтымызда жарияланды ( https://nurotan.kz/primaryze?lang=kz)
Түпкі мақсат – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларына партия атынан қатысатын көшбасшыларды ашық бәсеке негізінде айқындау. Партиялық тізімдерге халықтың сеніміне ие болған азаматтар енуі тиіс.
Кешеден бері «Мен праймеризге қатыса аламын ба?», «Тіркелу үшін не істеу керек?» деп жекеме сұрақ қойып жатқандар бар. Сондықтан партия мүшелерімен қатар қоғам өміріне бей-жай қарамайтын, табанды да креативті баршаңызды алдағы праймеризге белсенді қатысуға шақырамыз!
P.S. Алдағы уақытта барлық сұрақтарға рет-ретімен жазбаша немесе видео түрінде жауап беруге тырысамын.
Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаевтың фейсбук парақшасынан алынды