"Қазпошта" бөліміндегі қыздар арасындағы төбелес видеоға түсті
"Қазпошта" бөліміндегі қыздар арасындағы төбелес видеоға түсті
Балқаштықтар "Қазпошта" филиалының ғимаратында екі қыздың төбелескен видеосын қызу талқылауда, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"1983 және 1997 жылы туған екі қыздың арыздары полицияда тіркелді. Жағдайлар анықталуда. Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім шығарылады", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.