Қазақстан-қырғыз шекарасындағы ахуал бойынша

Қазақстан-қырғыз шекарасындағы ахуал бойынша

ашық дереккөзі

Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау және тауарлардың көлеңкелі айналымын төмендету мақсатында ҚР ҚМ МКК 2019 жылдың басынан бастап ЕАЭО елдерімен шекарада өткізілетін жүктерге мониторингті жүзеге асырады, деп хабарлайды NewsRoom +ақпарат агенттігі. Жалған тұлғалар мен банкроттар атына 10,3 мың тауарларға ілеспе құжат ресімделгені, жалған транзиттің 13 мыңнан астам фактісі анықталды. Тек 1-тоқсанның қорытындысы бойынша ҚР арқылы РФ-ға транзит ретінде мәлімделген жүктердің 17%-ы ҚР-да қалған. Тауарлардың мұндай көлеңкелі айналымы бюджетке зиян келтіреді және отандық бизнеске бәсекелестіктің тең емес жағдайын туғызады. Бұл фактілердің барлығы Қырғыз Республикасының құзыретті органдарының назарына жеткізілді. 2019-2020 жылдар ішінде ЕАЭО және ДСҰ алаңында, екіжақты форматта, құзыретті органдар мен Үкіметтер деңгейінде бірқатар кездесулер болды. Ағымдағы жылғы ақпан айында өткізілетін жүктер бойынша алдын ала ақпараттармен алмасу, навигациялық құлыптарды және екі елдің ақпараттық жүйелерінде бар деректерді пайдалану арқылы тауарлардың көлеңкелі айналымын төмендету мәселелерінде өзара іс-қимылдың қажеттілігі талқыланды. Бұл өркениетті сауда-саттықты ұйымдастыруға және екі мемлекеттің бюджет кірістерінің артуына ықпал етуші еді. Алайда, кездесу Хаттамасына қырғыз тарапынан қол қойылмады, пошта арқылы жолданған нұсқасы жауапсыз қалды. Қырғыз әріптестері тарапынан сындарлы диалогтың орнына Қырғыз Республикасындағы ішкі салықтық әкімшілендіруді сауда кедергісі деп тану мақсатында шекарадағы жағдайды әдейі шиеленістіру және арандату жүргізілуде. Қазіргі уақытта шекарада автокөлік құралдарының жиналуы байқалады. Бұл жеміс-көкөніс өнімдері маусымының басталуымен, ҚХР-мен сауда-саттықты жаңартумен және COVID-19 байланысты 5 автомобиль өткізу пунктінің жұмысын тоқтатуымен байланысты болып отыр. Яғни, өткізілетін автокөлік құралдарының қарқындылығы өткізу пункттерінің өту жылдамдығынан артық болуда. 2020 жылғы 3 маусымда «Қарасу» АӨП және «Ақтілек-автожол» АӨП-да жиналу себептерін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы өкілдерінің жұмыс кездесуі өткізілді. Бақылау рәсімдерінің хронометражы екі шектес өткізу пункттерінен өтуі 30-35 минутты, оның ішінде ҚР салықтық бақылау үшін құжаттарды сканерлеу 3 минутты алғанын көрсетті. Бұл ретте, Қырғыз тарапы хронометраж өткізу кезінде ПТР тест тапсырғаннан кейін жүргізушілер нәтижелерін күтпестен, тек сауалнаманы толтырып ғана ҚР-на шығарылғанын растады. Осыған байланысты өткізу пунктінде оны жасаудың қажеті қанша деген сұрақ туындайды? Қазақстан тарапы шекарада кезекте тұруды болдырмау үшін мұндай тестілеуді өткізу пункттерінен тысқары жерде өткізуде. Бұдан басқа, қарсы жолақпен кезектен тыс өту қызметін ұсынатын «өткізіп жіберушілер» деп аталатын адамдар тобының әрекеттеріне Қырғызстан жүргізушілері наразылық білдіруде. Бүгінгі күні ағынның ұлғаюын ескере отырып, тәулігіне 200-ге жуық жүк және сондай басқада автокөлік құралдары шекарадан өтуде. Шекараның Қазақстан учаскесінде тауар-көлік жүкқұжаттарын сканерлеуді есепке ала отырып, жүк АКҚ өту уақыты 15-20 минутты құрайды. Қалыптасқан мән-жайларды назарға ала отырып, Қырғыз тарапын өркениетті сауда-саттықты ұйымдастыру және бюджет пен бизнес мүддесі үшін көлеңкелі айналымды қысқарту жөнінде бірлескен шаралар қабылдауға тағы да шақырамыз. Бірлескен шаралар қабылдамай бұл мәселені шешу мүмкін емес. Кеше ЕЭК отырысында Қырғыз Республикасының Вице-Премьері    Э.Ш. Асрандиевтің қатысуымен осы мәселелер талқыланды, ол бірлескен жұмыс тобын құру қажеттілігімен келісті.  

Жүктелуде...