Алмас Кішкенбаев ажырасқанын бетіне басатындарға шүйлікті
Алмас Кішкенбаев ажырасқанын бетіне басатындарға шүйлікті
Отандық танымал әнші Алмас Кішкенбаев өзінің ажырасып кеткенін бетіне басып жүрген желі қолданушыларына ашуланды. Өнер иесі жеке өміріндегі сәтсіздіктерін есіне түсіре беретіндерге жауап беріп, жанұясы ойран болған жалғыз адам емес екенін түсіндіруге тырысты деп жазады Newsroom + тілшісі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.
Алмас Кішкенбаев ажырасуына қатысты сұрақтар мен пікірлерден әбден мезі болғанын айтты. Әнші Instagram парақшасында тікелей эфирге шығып, өз жанайқайын жеткізген. Сонымен қатар, өнер иесі екі қызының анасымен қайта қосылу ойында мүлдем жоқ екенін жеткізіп, бұл мәселеге нүкте қойды.
Шоу-бизнес жұлдызы елордадан Алмтыға көшіп келгенімен, әлі орныға алмай қиналып жатқанын алға тартты. Желідегілер сахнадан көрінбей кеткен өнер иесі әлі де күйзелістен шыға алмай жүр деп топшылады. Оған Кішкенбаевтың жеке парақшасындағы жазбалары себеп болса керек. "Кездер - ай. Өмір осылай жылжып кете береді. Ертең қайда болатыныңды маңдайыңа жазғаны бойынша көресің. Мен бұл постты отбасыма байланыстырып жазған жоқпын. Кім ажыраспай жатыр? Мен басы немесі соңы емеспін. Менің айтқым келгені, (тікелей эфирде айттым) еліміздегі қиын жағдай. Халықпен бірге біз де қиын жағдайда отырғанымыз.
Тіпті менің астанадан кейін Алматыға толық әлі орналаса алмауым. Қайда барарымды білмегендіктен Қызылордаға қайтамын деген шешімге амалсыздықтан келуімді айттым" , - деп жазды әнші.