Экологиялық тақырыптағы республикалық конкурстың жеңімпаздары марапатталды
Экологиялық тақырыптағы республикалық конкурстың жеңімпаздары марапатталды
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев Экологтар және қоршаған ортаны қорғаушылар күні экологиялық тақырыпта суреттер, қолдан жасалған бұйымдар мен бейнероликтер республикалық конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі
«Әрбір адам бала кезінен бастап жерге, суға, ауаға ұқыпты қарау туралы ойланып, оларды сақтауға тырысу керек. Тек қана біз – ересектер мен балалар-ғаламшардың ресурстарын тұтынуды төмендетіп, табиғатымызды сақтап қала аламыз. Менің жас достарым, туған табиғаттың белсенді қорғаушылары боласыздар деп сенемін», - деді Министр өзінің құттықтау сөзінде.
Естеріңізге сала кетейік, байқау бастауыш, орта және жоғарғы сыныптар арасында ағымдағы жылдың сәуір айында үш бағыт бойынша іске қосылды: «Табиғатты және экологияны сақтау», «Жануарлар дүниесін сақтау», «Қоқысты сұрыптау».
Айта кету керек, бұл байқау елдегі карантин кезеңінде, өзін-өзі оқшаулау жағдайында жарияланды. Осыған қарамастан, оқушылар байқауға белсенді қатысып, республиканың барлық аймақтарынан 2000-ға жуық жұмыс келіп түсті.
Қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен, экоактивистерден тұратын қазылар алқасы жеңімпаздарды іріктеуге өте жауапкершілікпен қарады. Шығармашылық көзқарас, өзектілік, креативтілік ескерілді. Әрбір сурет, оқушылардың әр жұмысы туған елдің табиғатына қамқорлық пен үлкен мәнге ие.
Дауыс беру қорытындысы бойынша 28 жеңімпаз және 10 үздік бейнеролик анықталды.
«Табиғатты және экологияны сақтау» номинациясы бойынша:
Гран-при:
Сисенгали Самира, 4 сынып, 11 жас, Атырау қ-сы
1-4 сыныптар:
I орын - Асан Берік, 2 сынып Атырау қ-сы
II орын - Тилеубайкызы Каусар, 8 жас Ақмола обл., Степногорск қ-сы
III орын - Болатқызы Гүлсезім, 9 жас, 3 сынып, Ақтөбе обл., Ырғыз ауданы
5-9 сыныптар:
I орын – Су Аделия Александровна, 9 сынып Нұр-Сұлтан қ-сы
II орын - Тоиымбетова Дарига, 15 жас, Ақмола обл., Ақмол ауылы
III орын - Алмас Ғабидолла, 7 сынып, 12 жас, Атырау қаласы
10-11 сыныптар:
I орын - Бекмұрат Диас, 16 жас, Қарағанды обл., Балқаш қ-сы
II орын - Короткова Дарья, 15 жас, Алматы қ-сы
III орын - Ерік Айназ, 15 жас, Жамбыл обл., Бурыл ауылы
«Жануарлар әлемін сақтау» номинациясы бойынша:
1-4 сыныптар:
I орын - Кайрлыұлы Дияс, 3 сынып, 9 жас, Ақмола обл., Калининск ауылы
II орын - Мальцева София, 7 жас, Ақтөбе обл., Хромтау қ-сы
III орын - Шыныбай Айдана, 4 сынып
5-9 сыныптар:
I орын - Демченко Яна, 14 жас, Ақтобе қ-сы
II орын - Ходжабаева Балнур, 9 сынып, Ақмола обл., Степногорск қ-сы
III орын - Широкая Таисия, 6 сынып, ШҚО, Риддер қ-сы
10-11 сыныптар:
I орын - Козачук Лиана, 11 сынып, Ақмола обл., Тарасов қ-сы
II орын - Мицул Анна, 18 жас, Павлодар қ-сы
III орын - Ергалиева Диляра, 16 жас, Павлодар қ-сы
«Қоқысты сұрыптау» номинациясы бойынша:
1-4 сыныптар:
I орын - Шишковская Яна, 3 сынып, Ақкөл ауданы, Новорыбинка ауылы
II орын - Канат Асылай Бахадурбековна, 4 сынып, Қызылорда қ-сы
III орын - Галы Дамелия, 4 сынып, Екібастұз қ-сы
5-9 сыныптар:
I орын - Жолдыбай Іңкәр, 7 сынып, Нұр-Сұлтан
II орын - Байұзақ Мәдина Нұрболатқызы, 7 сынып, Ақтобе қ-сы
III орын - Әйменова Жансая, 9 сынып, Қызылорда қ-сы
10-11 сыныптар:
I орын - Дуйсенбаева Камила Қанатқызы, Макинка орта мектебі,
16 жас, Ақмола обл., Макинск қ-сы
II орын - Айдана Муратали, 16 жас, Қарағанды обл., Приозерск қ-сы
III орын - Мирзагаев Рамиль, 10 сынып, Жамбыл обл.
Бейнероликтер:
Шорманов Арыстан, Нұр-Сұлтан қ-сы
Рыжова Олеся, Теміртау қ-сы
№ 2 орта мектебі, 2 В сынып, Ақкөл қ-сы, Ақмола обл.
Балабақша 15, Семей қ-сы, ШҚО
Нуралиева Толганай, Балқаш қ-сы
Камалова Турсынай, Ақмола обл., Қызылжар ауылы
Дамылова Аружан, Нұр-Сұлтан қ-сы
Уалихан Нартай, Тараз қ-сы
Назар Каминский, Нұр-Сұлтан қ-сы
Биболат Лаула, Семей қ-сы
Кездесу барысында балалар мен ата-аналар өздерінің эмоциялары мен тілектерін айтты. Сонымен, Нұр-сұлтан қаласының тұрғыны Аружан Дамылова байқауды ұйымдастырғаны үшін және біздің елімізде қоршаған ортаны қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар үшін алғысын білдіріп, қоқыстарды сұрыптауға шақырды.