Карантинде жаппай іс-шараларды бейнеге түсіру және барлық азаматтарды есепке алу жүргізілмек
Карантинде жаппай іс-шараларды бейнеге түсіру және барлық азаматтарды есепке алу жүргізілмек
Карантин режимі кезінде қаулыны орындау мақсатында Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлағандай, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері бұқаралық жиналыстарға қатысқан барлық азаматтардың бейнетүсірілімін және есебін жүргізетін болады.
"Қатысушыларды тіркеу және есепке алу қала тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау және таралуын одан әрі эпидемиологиялық тексеру үшін қажет", - деді Ж. Бекшин.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда коронавирус пандемиясы жағдайында жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салынған.