Жаңалықтар

Жүкті әйел Ақтөбе - Ақтау бағытындағы пойызда босанды

Жүкті әйел Ақтөбе - Ақтау бағытындағы пойызда босанды

"Ақтөбе-Ақтау" пойызының жолаушысы купенің ішінде дүниеге сәби әкелді. Сол бағытта келе жатқан акушер келіншекті босандырып алды деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.  width= Ақтөбе облысының тұрғыны жүктілігінің сегізінші айында ана атанды. Келіншек өз үйіне - Ақтауға бет алған болатын. Алайда дәл 4 маусым күні толғақ басталыпты. Пойыз басшысы Ботагөз Қиданованың айтуынша, бұл туралы таңғы сағат бесте бүкіл пойыз жолаушылары білген екен. Оны әріптестері есікті қағып, жетінші вагонға шақырыпты. Осыдан кейін пойыз қызметкерлері жолаушылар арасынан дәрігерлерді іздестіре бастаған. Қуанышқа орай, көрші вагонда акушер әйел бар болып шығыпты. Ол өз еркімен көмек қолын созуды жөн көрген. Жүкті әйел қызметтік купеге ауыстырылған соң дәрігер оны босандырып алған. Шамамен күндіз сағат 11:00-де келіншек сәбиін дүниеге әкеліпті. Жедел жәрдем анасы мен балаға әр бекетте қызмет көрсеткен. Алайда келіншек станциялардың бірінде қалғысы келмепті. Белгілі болғандай, пойыз басшысы бұған дейін де бір әйелге вагонда үш сәбиді дүниеге әкелуге көмектесіпті.