Жаңалықтар

Аттракциондар қашан ашылады?

Аттракциондар қашан ашылады?

Саябақта орналасқан атракциондар қашан ашылады? Осылай өздерінің өтініштерін айтып, қаражатсыз қалғандарын жеткізген бір топ жалға алушылар Алатау баурайында шу шығарды. Сегіз айдан бері тірліктері жабулы тұрған кәсіпкерлер уақыттың тым аз екендігін жеткізуде. Өйткені маусыммен жұмыс істейтіндіктен, енді бар болғаны 4-5 айдан кейін тағы да ұзақ мерзімдік демалысқа шығып кетуіміз мүмкін дейді, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  width= "Почему то одни обьекты могут работать по полный времени дня, мы не можем?". Мына атракциондардың қарашадан бері қабы ашылмаған. Наурыз айынан бастап саудасы жүретін кәсіп, биыл тоқтап тұр. Осыған дейін бірнеше мерекені баспанасында өткізген жалға алушылар, талай табыстан қағылдық, енді аз уақыт болса да жұмыс істеп қалайық дейді". Осылай деп шағымданған 30-ға жуық жалға алушы, Максим Горький саябағының алдына жиналды. 20 жылға дейін осында жұмыс істеп, нәпақасын тауып жүргендер сегіз айдан бері сергелдеңге түсіп, табысынан қағылғандарын айтуда. Төтенше жағдай бітіп, бірқатар орындар ашылады дегенді естіп, санитарлық талаптарға сай жабдықтарды сатып алып, әзір тұрған. Бірақ, рұқсаттың жоқтығынан енді не істерлерін білмей дал. ЖАНАР РАЙЫМҚҰЛОВА, ЖАЛҒА АЛУШЫ: "Барлығымыз санитайзер, перчатки, басқа киетін бәрін алып дайындап қойғанбыз. Оның бәрі ақша білесіз. Тіпті, маскаңыздың өзі кезінде 20 теңгелік қазір 100 теңге, 200 теңге.  Например, мен өзімнің балама менен артық жаны ашитын адам жоқ. Келген қонақтарымыз да паркке каждыйы өзінің қауіпсіздігін жасап келеді". Қала тұрғындары, сырттан келетін қонақтар мен шетелдік азаматтар жыл сайын бұл жерден үзілмейді екен. Алайда, қазір атшаптырым алаң қаңырап бос тұр. Саябақтың өзі енді ғана ашылғандықтан, бірен-саран адамды көз шалады. "Өзге орындар ашылып, кәсібін дөңгелете бастағанда, біздің көз сүзіп сырттан бақылап қана үйде отыруымыз титығымызға әбден тиіп бітті" дейді жалға алушылар. АЙНҰР БЕЙСЕКЕНОВА, ЖАЛҒА АЛУШЫ: "Бізде сұрақ: неге барлық жерге ашылуға рұқсат бар, а именно біздің паркке рұқсат жоқ?. Соған жауап берсе, Бекшин мырза. Сосын атракциондар, оның ішінде сағаттап жүрмейді. Ары кетсе 3 минут, 5 минут болды. Ол жерде ешқандай бір скопление людей ондай жоқ бізде". Шамамен, жалға алушылар және оларға жалданып жұмыс істейтін жүз елуге тарта отбасы жыл сайын осы кәсіппен қаражататтарын тауып жүріпті. Бірақ, қазір ақшалары таусылып, қалталарының түбі көріне бастаған. Сонымен қатар, несиелері де жан-жақтан қыспаққа ала бастапты. Ал, саябақ әкімшілігіндегілердің де арман-тілегі атракциондардың жұмыс істеуі екен. Өйткені, күзет пен көгалдандыру қызметінде жүргендерге, наурыздан бастап соқыр тиын да берілмепті. АЙГҮЛ МҰХАММЕТҚАЛИЕВА, САЯБАҚ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: "Қаланың бас санитар дәрігерінің нұсқауы бойынша қазіргі уақытта саябақта жұмыс істеуге болмайды. Оның ішінде сауда нүктелері, атракциондар, және саябақ аумағында орналасқан бассейнге. Бірақ күзет, көгалдандыру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлер жұмыстарын жасап келеді. Бізге негізінен табыс көзі атракциондардан келетіндіктен, бұл мамандар да үш айдан бері айлықтарын алған жоқ". Ал, жауапты орындар әзірге бұл орындардың ашылмайды деп кесіп айтты. Өйткені, дендеген дерт әлі ауыздықталмаған. Сондықтан, қашан рұқсмат берілетінін дөп басу қиын деп отыр. ҚЫМБАТ ҚОНЫС, ҚАЛАЛЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҮЙЛЕСТІРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: "Қазіргі таңда оның нақты уақытын айта алмаймыз. Бірақ, егер короновирустық инфекцияның өсімі төмендеген жағдайда ғана тіркелу азайған жағдайда рұқсат етіледі". Күн сайын 2-3 мың адамды қабылдап, көңілдерін көтеруге септігін тигізетін бұл орынның тарихы ұзақта жатыр. Сондықтан, жасы бар, кәрісі бар барлығы осы маңға келуге ынтық. Өйткені, зообақты тамашалап, ішіп-жемге қажеттігің бәрін табуға болады. Жаздың басталғандығын ескерген жалға алушылар, алда аз ғана уақыттың қалғандығын алға тартуда. https://www.youtube.com/watch?v=Ho3yDtKMy_M