Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Үш өңірде карантин күшейтілмек

Үш өңірде карантин күшейтілмек

Үш өңірде карантин күшейтілмек
ашық дереккөзі
Еліміздегі үш өңірде карантин талаптары күшейеді. Олар Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. Енді санитарлық талаптарды орындамаған бизнес субъектілері уақытша жабылуы мүмкін. Себебі, аталған аймақтағы ағайын ауруға жеңіл қарап, арқасын кеңге сала бастады. Салдарынан індет қайта өршіп барады. Үш сағат бұрын Теңіздіктердің тағы 30-ынан инфекция анықталыпты. Сонымен бір ғана Теңіз кен орнында жұқтырғандардың саны 1000-нан асып кетті, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасы сілтеме жасап.  width= Сенем, сенбеймін, сенем, сенбеймін...Иә. Қазір осылайша қоғам вирусқа сенетіндер я сенбейтіндер боп екіге бөлінді. Тіпті, бізді, журналистерді жалған ақпарат таратады деп жала жабатындар жетеді. Жер жиһанның жүз мыңдаған адамының өмірін жалмаған жаман дертке әлі де жеңіл қарап жатырмыз. Салдары  секунд сайын өзгерген сандар". Иә, Атыраудың Теңіз кенішіндегі толқулар есіңізде болар. Толқу басылғанымен, ауру саны азаймай тұр. 1006-ға жетті. ГЕО: АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ Ақтөбе облысындағы Шалқар шаһарының да шаруасы жақсы емес. Ескертулерді елемеген бұл қаладағы вирус жұқтырғандардың өсімі 18 пайызды көрсетті. Індетті таратқан адам - қалаға қонаққа барған Ақтөбе тұрғыны екен. Ол 19 адамға жұқтырған. Дені - көрші-қолаң мен ағайындары. Облыстың бас санитары осы жағдай қаланы карантинге жабуға түрткі болуы мүмкін дейді. НҰРСҰЛУ БЕРКІМБАЕВА, ТАУАРЛАРМЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Пойыздар тоқтайды Пойызға Шалқардан түсетін жергілікті өздерінің Шалқарға дейін олар түседі. Бірақ ішіндегі азаматтар режим карантин болғанда перронға шықпай сонымен кете береді. Шалқарлықтар мініп келе алмайды ол кезде. Сандардың өсуіне, аурудың өршуіне санитарлық талаптардың сақталмауы себеп. Республика бойынша өткен тәуліктің өзінде 271 адамның вурусқа шалдыққаны тіркеліп, 4 адам көз жұмды. Салаға жауапты министрлік о баста 3500 кейін 5000-нан аса азамат ауырады деп болжап еді. Қазір індетті жұқтырғандар саны 12 мыңнан асып кетті. Инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Вице-премьер Ералы Тоғжанов облыс әкімдіктеріне бірқатар тапсырма берді. "Өңір әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауы тиіс. Талаптарды орындамаған бизнес субъектілерінің қызметін анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше уақытша тоқтату қажет. Бұл шаралар - азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды". Сақтансаң ғана сақтайды. Карантин талаптарын ескермеудің соңы жақсылыққа әкелмейді. Сол себепті қауіпсіздік шараларын сақтауға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та шақырды! "Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. К/вирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін ДДСҰ да растады. Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын". ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ TWITTER ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ Иә, күзде, коронавирус қайталанады дегенді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да растап отыр. Жаһан ғалымдары әлі короновирусқа қарсы вакцина ойлап тапқан жоқ. АНТОНИУ ГУТЕРРИШ  БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ «Біріншіден, COVID-19 денсаулықты құртты, екіншіден табыстан айырды. Үшіншіден көп адам қолдаусыз қалды. Екінші толқынына дайын болу керекпіз! Иә толқынды толқын қуады. Ол қарапайым құбылыс. Бірақ екінші қайталау біріншісінен де ауыр соғуы мүмкін дейді мамандар. Сондықтан қыстың қамын жазда ойла деуші. Күз бен қысты төрт қабырғада өткізгіңіз келмесе "сақтанып жүріңіз!