«Egemen Qazaqstan» газеті ғасырлық тойға әзірлік үстінде

12 Қыркүйек, 2018 894 0

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің төрағасы Дархан Қыдырәлі келесі жылы болатын ғасырлық мерейтойға дайындық туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі.


«Ғасырлық межеге қадам басатын бас басылым 100 жылдыққа үлкен дайындықпен келіп отыр. Біз  жүз жылдық  газет нұсқаларын түгелдей цифрлық жүйеге көшірдік. Жақында жұмыстарымыз интернетке, сайтымызға орналастырылатын болады. Сол арқылы ел тарихының жылнамасы, шежіресі іспетті, «Егемен Қазақстанда» жарық көрген материалдар арқылы біздің оқырмандарымыз, тарихшылар мен зерттеушілер жалпы ел тарихына қатысты деректермен таныса алады деп ойлаймыз», дейді республикалық газеттің төрағасы. Сондай-ақ Д.Қыдырәлі осы бағытта жарыққа шығатын 10 томдық кітаптың 5 томы дайын екенін жеткізді.

Дереккөз: egemen.kz

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.