Мектеп бітіру кештерінде дарақылықтың неше атасын көрсететін түлектер биыл да әдеттен озбады. Кортеж ұйымдастырып, коттедж жалдады. Керек десеңіз, араларында мектептегі соңғы күндерін соңғы рет қыдырғандай өткізіп, ішімдікке сылқия тойып алып, заң бұзғандары да жоқ емес. Карантин кезінде кеш ұйымдастырған түлектер тіпті арнайы рейд ұйымдастырған полиция қызметкерлерінің қолына түсіп, бөлімшеден бір-ақ шықты, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі
Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Түнгі сағат он бір. Полиция қызметкерлерімен бірге рейдке шығып барамыз. Әрине, өмірде бір-ақ рет болатын сәтті әр түлек естен кетпестей өткізгісі келетіні анық. Алайда карантин талабы бәріне бірдей екенін ұмытпағанымыз абзал. Хош. Әне-міне дегенше, діттеген жерімізге де жеттік.
«-Сіздерге былай кіруге рұқсат жоқ иә? Жоқ, обычно олар ішіп алғаннан кейін сыртқа шығады, магазин іздейді, сосын төбелеседі. Ал қазір егер осындай ештеңе болмаса, біз ішке кіре алмаймыз? Жоқ кіре алмаймыз. Онда біз қазір күтеміз бе, не істейміз? Кеттік Балқантауға барайық онда. Бірақ ішінде жарық қосылып тұр. Біреулер бар»
Келесі мекен-жай жастар көп жүретін қаламыздың бас саябағы болды. Байқағанымыз, үлкендердің қарауынсыз жүрген балалар көп. Алайда тойлатып жүрген түлектердің бірін де кездестірмедік. Уақыт жоғалтпай, рейдімізді әрі қарай жалғастырдық. Тура көңілді кештің ортасына түсіппіз. Келгенімізді көрген түлектер жан-жаққа қаша жөнелді. Біреуін сырттан, өзгесін қашайын деп тұрған сәтінен ұстап алдық.
«Қолымды жіберіңізші, спортивкамды алып келейін»
«Вот пожалуйста здесь курили. Ал мынаның бәрін взымать етеміз»
Түрі бала болса да, тірліктері ересектердікінен де асып түсті. Шылым шекті, ішімдік ішті, баса кіргендерден еш қымсынбады, сұрағымызға жауап беруден де қысылмады.
«Ребята какой повод встречи у вас? Просто хотелось выпить»
АЛМАТЫ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ
«Бұл жағдайда әлі нақты пікір айту қиын. Өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай, балалар не істеп, не айтып тұрғандарына өздері жауап бере алмай жатыр. Ішімдіктен бөлек психотропты заттарды да пайдаланған тәрізді. Қазір біз бөлімшеге олардың ата-аналарын шақырып, тергеуді сонда ғана бастай аламыз. Өйткені олар кәмелет жасына толмаған балалар. Демек бар жауапкершілік ата-аналарының мойнына артылады»
Мектеппен қоштасу кештерін елордалық түлектер ғана естен кетпестей өткізбеді биыл. Қысқасы, бәрі жылдағы сценарий бойынша өтті. Мейрамханалар жабық болса да, қалай екені белгісіз дүбірлетіп той да жасады.
Қымбат көліктермен шулы кортеждер де ұйымдастырды.
Алайда қарағандылық түлектер үшін жасаған кортеждері енді өмір бойы естерінен кетпейді. Қатты жүйткіген олар облыстық әкімдіктің ғимаратына бір-ақ соғылды. Абырой болғанда зардап шеккен ешкім жоқ. .
ЕРЛАН АҚЫЛБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Кәмелетке толмаған бала. 18 толмаған. Жол оқиғадан кейін ешқандай жарақат алған жоқ көлік өз атында, бірақ та куәлігі жоқ. Оған айыппұл салына ма? Штраф қана. 5 МРП.»
Осылайша, карантин болғанымен, қанша тыйым салынып, ескерту айтылғанымен, түлектер өмірде бір болатын кештерін қалағандарындай өткізді. Бұл олардың өмірдегі ең алғашқы және ең соңғы жасаған заң бұзушылықтары болса екен дейміз.
https://www.youtube.com/watch?v=N02ujjtMyPE&t=18s