«Egemen Qazaqstan» ұлттық баспасөз тарихында тұңғыш рет Ресей каталогына енді

12 Қыркүйек, 2018 812 0


Сүйінші хабарды Орталық коммуникациялар қызметінде «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің жаңа жоспарлары бойынша өткен баспасөз мәслихатында басылым басшысы Дархан Қыдырәлі жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі.

Басқарма төрағасы ел газеті «Egemen Qazaqstan»-ның  бірнеше жыл бұрын енгізген форматтық-мазмұндық өзгерістері жетілдіріліп жатқанын айтып, газетті Ресейдегі қандастарымыз сол елде отырып жазылуға мүмкіндік алғанын атап өтті. «Елбасы Дүние жүзі қазақтарының V құрылтайында шеттегі қандастардың Қазақстаннан жан-жақты хабар алып тұруына көмектесу, ұлттық дәстүр, тарихымыз туралы ақпараттық материалдарды арттыру сынды тапсырмалар бергені белгілі. Ресейдің Қазақстанмен шекаралас облыстарында тұратын  қазақ диаспорасы үшін «Egemen Qazaqstan» газетінің қол жетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарымыз оң нәтижесін беруде.  Осы орайда Ресей елшілігіне ұсыныс хаттар жолданған еді. Жауап ретінде, газетті Ресейде тарату, каталогқа енгізу бойынша арнайы рұқсат құжаты-лицензия берілгенін зор қуанышпен атап өткім келеді.  Осылайша ұлттық баспасөз тарихында – Тұңғыш рет лицензия алып, каталогқа ендік», деді бас басылым басшысы. Бүгінде аталған көрші елде миллионнан аса қаандасымыз тұратынын ескерсек, бұл қазақ газетінің таралым ауқымын одан ары кеңейтуге мол мүмкіндік берері сөзсіз.  Сондай-ақ, Д.Қыдырәлі Моңғолиямен де осы бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
Дереккөз: egemen.kz

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.