Уханьдағы коронавирус жұқтырып, денесі қарайып кеткен дәрігер қайтыс болды

Уханьдағы коронавирус жұқтырып, денесі қарайып кеткен дәрігер қайтыс болды

ашық дереккөзі

Уханның орталық ауруханасында коронавируспен ауырған денесі қарайып кеткен дәрігер көз жұмды. Бұл туралы Global Times хабарлаған деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігі.  width= Ху Вейфенг атты қытайлық дәрігер Ухань ауруханасында қызмет атқарып жүрген. Ол коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп жүріп, ауру жұқтырған. Кейіннен оның денесі қарайып кеткенін шетелдік басылымдар жарыса жазған. Басылымның хабарлауынша, 2 маусым күні қайтыс болған. Ху Вейфенг қытайлық орталық аурухананың COVID-19 індетін жұқтырған алтыншы қызметкер болған. Оның ауру салдарынан бүкіл денесі қарайып кеткен. Бауыр қызметінің бұзылуынан осындай халге душар болған. Дәл осындай диагнозбен әріптесі Ю Фан атты дәрігердің денесі қарайып кеткен. Бұл коронавирус бүкіл ағзаға тараған кезде бауырдың зақымдануынан болуы мүмкін. Ю Фан ауруынан толықтай айығып, 6 мамыр күні ауруханадан шығарылған. Ал Вейфенг болса, 22 сәуір және 21 мамыр күні инсульт алған екен. Еске сала кетсек, былтырғы жылдың соңында белең алған індет Ухань қаласынан бастау алған. Бүгінде дүниежүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 6,4 миллионнан асып, оның 380, 7 мың адам қайтыс болған.

Жүктелуде...