Анасына селфи жіберген жігіт бес минуттан кейін ажал құшты

Анасына селфи жіберген жігіт бес минуттан кейін ажал құшты

ашық дереккөзі

Американдық Дэниел Шедд достарымен селфиге түсіп, анасына жолдаған. Сент-Луис қалашығындағы әуежайында жолдастарымен түскен оның суреті соңғы болған, деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі РиаНовостиге сілтеме жасап.  width= 39 жасар Шед өзінің достарымен төрт орындық бір моторлы ұшақпен ұшуды жоспарлаған. Ұшардан алдын суретке түсіп, анасына жолдаған. Бес минуттан соң Иллинойс штатына қарасты Карлинвилл қаласына жақын маңда ұшақ апатқа ұшыраған. Соңғы кездері әсерлі селфи үшін өмірімен қош айтысып жатқандар көптеп кездеседі. Мәлімет бойынша 40 пайызға жуық адам селфи үшін өміріне қауіп төнген. 4 пайызы өзгелердің өміріне қауіп төндіргенін мойындаған. Ал әрбір оныншы адам әдемі суретке түсемін деп түрлі жарақаттар алып жатқаны анықталған.

Жүктелуде...