Жаңалықтар

Армения ауруханаларында бос орын жоқ

Арменияда бір тәулікте 697 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.  width= Бұған дейін бір күнде мұншалықты дерек анықталмаған еді. Жалпы Армениядағы ахуал мәз емес, 11 мың 121 адам індетке шалдығып, 176 науқас көз жұмған. Елдегі төтенше жағдай 80 күн бойы жалғасып келеді. Дегенмен азаматтардың жүріп-қатынауына және сауда мен кәсіпорындардың жұмысына қойылған шектеулер осыдан жарты ай бұрын алынды. Ел билігі аурудан қорғану ережелерін сақтауға шақырғанымен, азаматардың көбі құлақ аспайды. Қазір ауруханаларда науқастарды қабылдайтын орын қалған жоқ. Армения премьер-министрі мен оның отбасы да коронавирус жұқтырып алды. Қазір Никол Пашинян қызметін онлайн атқаруда. Никол Пашинян, Армения премьер-министрі: – Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Ауруды жұқтырған 697 адам анықталды. Бұл емханалар барлық науқасты дер кезінде қабылдай алмайтын жағдайға жеткенін білдіреді.