weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматы облысында күшікті тірідей өртеп жіберді

Алматы облысында күшікті тірідей өртеп жіберді

Алматы облысында күшікті тірідей өртеп жіберді
ашық дереккөзі
Желіде Алматы облысында бірнеше жігіттің күшікті тірідей өртеп жіберген видеосы пайда болды, деп хабарлайды Newsroom+ ақпараттық агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.  width= Оқиға Алакөл ауданындағы Қабанбай ауылында болған. Кадрдан екі жігіттің күшікті қапқа салып, үстіне бензин құйып өртегенін көруге болады. Алматы облысындағы жануарларды қорғау қорының өкілдері құқық қорғау органдарына өтініш білдірді. Алматы облысының полиция департаменті аталған факті ҚР ҚК-нің "Жануарларға қатыгездік жасау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгендігін мәлімдеді. Алакөл аудандық бөлімі аумағы бойынша осы қатыгез қылмыс жасаған адамдарды анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел және тергеу іс-шараларының кешенін жүргізеді. Полицияда жауыз жігіттер заңға сәйкес міндетті түрде жазаға тартылатынын түсіндірді.