Танымал дәрігер өзіне-өзі қол жұмсады

12 Қыркүйек, 2018 1356 0

Оралда облыстық клиникалық аурухананың дәрігер-травматологы Ғалымжан Рамазанов өзіне-өзі қол жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 10 қыркүйек күні болған. 36 жасар дәрігер сағат 21.30-да өз үйінде асылып қалған. Әріптестері оны талантты да білікті дәрігер екендігін айтуда. Қазіргі кезде осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Танымал дәрігердің мезгілсіз көз жұмуына байланысты Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов  өзінің Фейсбуктегі парақшасында "Өкінішті, иманды болсын",- жазды.

Дереккөз:http://www.inform.kz/kz


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.