Нигерияның Ойо атты кішкентай қаласы бар. Бұрынырақта бұл төңіректе йоруба халқын алафин, яғни патша билеген. Уақыт өте келе империя құлап, ал қала сол күйінше қалған.
Қазіргі таңда бұл жерді 81 жастағы Ламиди Адейеми ІІІ патшасы билейді. Сексен бірден асқан оның 13 әйелі бар. Оның ең жас тоқалы жақында ғана 22 жасқа толды.
Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазба қалдырып, тағдырына ризашылығын білдірген екен.
"Тағы да өмірімнің керемет сәттері басталуда. Бұл үшін құдайға шүкіршілік қана айтамын. Және де жұбайым, аса мәртебелі Ламиди Олайивола Атанда Адейеми ІІІ-ге ерекше алғысымды білдіремін. Оның арқасында оқуымды жалғастырудамын. Ол маған алға мақсат қоя білуді және соған жетуге еңбектенуді үйретті. Оның сөзінше, мақсатсыз адам, басқарусыз кеме, сюжетсіз пьеса. Жетістікке жету жолы ешқашан түзу болмасы анық. Жеңіске жетудің бірден-бір жолы табандылық",-деп жазады Ану патшайым.
Бүгінде Ану сұлу патшаның ең сүйікті жұбайы. Барлық мерекелік кездесулерге Ану патшайыммен баратын көрінеді. Ең қызығы Анудың әкесі фармацевтикалық компанияның иесі. Кезінде Ламиди патша қомақты қаржыға қол жеткізу үшін жәрдем берген екен. Есесіне әлгі кісі өз қызын патшаға тоқалдыққа сыйлаған.
Ал Анудың сөзінше " үлкен махаббатпен" отбасын құрған. Ол орта мектепті бітіре салып тұрмычқа шыққан. Бір жыл өткен соң, егіз сәбиді өмірге әкелген.
Бүгінде сұлу да, сымбатты патшайым, шаңырақтары бақыт пен махаббатқа толы екенін суреттерімен білдірген сыңайлы. Ал патша болса, егде тартқан жасына қарамай, 13 әйелдерін бір-бірімен тату-тәтті өмір сүруіне өз үлесін үлесін қосып келеді.