Қазақстанда 10,75 пайыз мөлшерлемемен ипотека беріле бастады

11 Қыркүйек, 2018 1242 0

Қазақстанда баспана алу үшін жылына 10,75 пайыз мөлшерлемемен несие беретін ипотекалық бағдарлама жүзеге асырылды, - деп хабарлайды newsroom+   "Баспана" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбековке сілтеме жасап.

Жаңа бағдарлама "Баспана Хит" деп аталады. "Бастапқы жарна - пәтер бағасының 20 пайызы, жылдық мөлшерлемесі - Ұлттық банктің базалық +1,75 пайыз мөлшерлемесі. Қазіргі уақытта Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі 9 пайыз екенін ескертін болсақ, "Баспана Хит" бойынша ол мөлшерлеме 10,75 пайыз болады. Несие 15 жылға дейін беріледі", - деп түсіндірді Қайрат Алтынбеков. Оның айтуынша, бағдарлама бүгіннен бастап жүзеге асырылып жатыр.


Дереккөзі:  Tengrinews.kz  

Тегтер: Баспана, үй, жеңілдік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.