Шымкентте коронавирус инфекциясымен ауырған тағы 1 жағдай
Шымкентте коронавирус инфекциясымен ауырған тағы 1 жағдай
Вирус жұқтырған науқас өзіне дейін дертті жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қалада коронавирустық инфекция жұқтырған 193 жағдай тіркелген.