Жаңалықтар

Шымкентте «бастау бизнес» жобасы бойынша оқыту 10 маусымда басталады

   width= Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы 2020 жылдың 10 маусымында онлайн оқытуды бастайды.

  1. Оқуға қатысу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіріп, жолдама алады(жолдама 5 күнге жарамды)⠀ Мекен-жайы: Бәйтереков көшесі, 89.⠀⠀
  2. Жолдаманы алғаннан кейін үміткер Шымкент қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына келіп немесе сілтеме арқылы оқуға өтініш бере алады.
https://atameken.co/ru/course-bastau

⠀ Оқуға қатыса алмайтын азаматтар: Ресми түрде жұмыс жасайтындар; Шымкент қаласында тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтар; Ресми түрде бала күтімінде отырған(декреттегі); Күндізгі бөлімде оқитын студенттер; ЖК (ИП), ЖШС-ның (ТОО) тіркелгеніне 3 жылдан асқан кәсіпкерлер; Оқуға қатыса алатын азаматтар: — 18 жас пен зейнет жасына дейін жұмыссыз азаматтар; — жұмысқа қабілеті бар мүгедек жандар (арнайы дәрігердің рұқсат қағазымен) — аз қамтылған отбасылар (АӘК алатын) — көпбалалы отбасылардың мүшелері; — қоныс аударушылар және оралмандар. Оқу мерзімі 21 күн. Оқуды аяқтаған қатысушыларға 2 жылға жарамды сертификат беріледі. Сертификат арқылы жеңілдетілген несие алуға, басқа да мемлекеттік гранттардың конкурсына қатысуына болады. Аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасыларға(сертификатпен) жеңілдетілген 4% несие алуына да болады! ⠀Қаржының көбісі қаржыландыруға жеңілдетілген несиеге бағытталған. Мемлекеттік грантқа жоғарыдағы көрсетілген санаттағы азаматтар оқуын аяқтағаны туралы сертификат арқылы қатыса алады. ЖК (ИП), ЖШС-ның (ТОО) тіркелгеніне 1 жылдан аспаған кәсіпкерлер қатысады. Төмендегі әлеуметтік топтағы азаматтар: -аз қамтылған отбасылар (АӘК алатын) — көпбалалы отбасылардың мүшелері; — қоныс аударушылар және оралмандар, мемлекеттік грант конкурсына оқымай(сертификатсыз) қатысуға мүмкіндігі бар. Қосымша сауалдарыңыз болса, Атамекен кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады. Мекен-жайы: Сайрам мөлтек ауданы, Ерімбетов көшесі 304 г, «Дәстүр» тойханасының жанында орналасқан.