Қазақстандық спортшы Қуат Хамитов өзіндік өмірлік ұстанымы мен мақсаты туралы айтты. Спортшы елдегі өзекті мәселелерді көтеріп, жеке пікірін қосты. Елдегі гейлер мен лесбиянкалардың мәселесін қозғады.
Уақыт көрсетеді" бағдарамасында айтылды.
Ережесін жекпе-жекте Қазақстанның туын көтеріп жүрген спортшы Қуат Хамитовтың даусы әр кезде естіліп жатады. Кез келген айтулы оқиғаларға қатысты үн қосады. Пікірін білдіреді. Батырып айтады. Оны халық сонысы үшін жақсы көреді. Дегенмен мұны көзбояушылық немесе шоу деп қабылдайдтындар да бар. Бұл жайлы Хамитовтің өзі ней дейді?
"Мен өзімді көрсету үшін немесе шоу жасау үшін, жарнама жасау үшін айқайламаймын. Менің қазаққа жаным ашиды. Біз намысты елміз. Жігіт болған соң, ауылда өскен соң, тәрбие алған соң біз қазақтың өскенін қалаймыз. Қазаққа ауыр сөз айтылса, намыстанамыз. Әр қазақтың көлігі, үйі болғанын қалаймын. Жаз сайын шетелдерше демалғанын қалаймын. Сондай жағдайға жетсе екен деймін. Маған дұрыс айттың деп халық арасынан да, биліктегілер де айтып жатады. Менің даусымды ешкім естімейді, сен осы жағдайды айтшы дейтіндер бар. Көп адамның даусы бәріне бірдей жете бермейтіндіктен маған айт деп өтініш айтады. Кей шенеуніктер "біз айта алмаймыз, сенің айтқаның дұрыс болды" деп жатады", - деді Хамитов.
Спортшы еліміздегі карантин мәселесіне көңілі толмайды. Желідегі парақшасында жазғандай "коронавирус жоқ, карантинді шектемеу керек" деген жазбасына түсініктеме берді.
"Біздің халық күнделікті жұмыс істеп, соған күн көріп отыр. Оларға 42 мың теңге беріп, үйге қамап тастады. Олар аш жатыр ма, басқа жағдай болды ма белгісіз. Сондықтан халықты олай қинамасын деген тілекпен айттым. Аурудың бар рас, ол бұрын да болған. Одан сақтанып үйге қамалса халық аш қалады. Одан да жұмыс істесін деген едім", - деді ол.
Ал, еліміздегі гейлер мен лесбияндардың дабыл қағуына мүлде қарсы.
"Елімізде гейлер жоқ деп ойлаппын. Олар көп екен. Тіпті өздеріне құқық беруін міндет санайды. Бізге шектеу қоймасын деп, шерулерге шықпасын. Ол мүмкін емес. Оларға ешкім рұқсат бермейді. Ешкім оларды еркінше жүргізбейді. Солай дабыл қағып жүрген қарындасымыз Нұрқаділов ағамызды қарындасы болғандықтан, ағамызды сыйлағандықтан ешнәрсе дей алмадым", - деді ол.
Спортшы қазақтың мәдениеті оған мүлде сай келмейтінін, елімізде гейлер мен сол типтегі жандарға, бір жынысты некеге рұқсат беру мүлде мүмкін емес екенін айтты.