Жаңалықтар

Ертең Ай тұтылады

Ертең Ай тұтылады

Ертең, 5-інен 6 маусымға қараған түні айдың тұтылуы болады. Табиғи құбылысты барша қазақстандықтар көре алады. Бұл туралы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Андрей Солодовник айтып берді деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. Биыл алты рет тұтылу болады. Екі рет күн, төрт рет ай тұтылады. Айдың тұтылуы қаңтар, маусым, шілде мен қарашаға түсіп отыр "5 маусым – жұма күні толған ай болады, одан кейін жартылай көлеңкелі айдың тұтылуы басталады. Оның максималды фазасы, яғни Айдың Күн көлеңкесіне кіру тереңдігі 0,59 болады. Негізі, айдың тұтылуын жиі көруге болады. Ол кезде аспандағы Ай планетамыздың дәл ортасында тұрады", – деді Солодовник. Сондықтан қиыр солтүстіктен басқа Еуразия тұрғындарының барлығы дерлік табиғаттың көркем құбылысын тамашалай алады. Дегенмен, айдың тұтылуын көру үшін біршама дайындалу керек. Ғалымның айтуынша, Ай батыстан шығысқа қарай жылжып, Жердің күңгірт көлеңкесінің солтүстік жағы арқылы өтеді. Жартылай көлеңкелі айдың тұтылуы үш сағаттан аса жалғасады.  "Ертеңгі тұтылу түнгі сағат 23:43-те басталып, 03:06-ға дейін жалғасады. Ол кезде 6 маусым болады. Ал сағат 1:25-те Ай күңгірт көлеңкенің максималды тереңдігіне кіреді. Осы тұтылуды көру үшін жақсы бинокль немесе телескоп керек. Себебі Ай күңгірт көлеңкеге кіргенде қараңғылық түспейді, айдың жарығы солғын тартады", – деп түсіндірді маман.  width=   Ал осы жылы күннің тұтылуы маусым мен желтоқсан айларында болады. Ертең айдың тұтылуы көрінсе, 21 маусымда күннің тұтылуын көруге болады.  "Осылайша, 21 маусымда үшінші тұтылу болады. Ол сақина тәрізді. Күн тұтылу фазасы Африка, Сауд Арабиясы, Пәкстан, Үндістанның солтүстігі және Қытайдың оңтүстік провинциялары арқылы өтеді. Тұтылудың максималды фазасы - 0,994, ал сақина тәріздес фазасының уақыты 38 секунд болады", – дейді ғалым. Солодовниктің сөзіне қарағанда, күннің тұтылуы Еуразияның біраз бөлігінде, соның ішінде Қазақстанда түске қарай көрінеді.