Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Алматыда күйеуін байқаусызда өлтіріп алған әйел адам ақталып шықты

Алматыда күйеуін байқаусызда өлтіріп алған әйел адам ақталып шықты

Алматыда күйеуін байқаусызда өлтіріп алған әйел адам ақталып шықты
ашық дереккөзі
Алматыда қысым көрсеткен күйеуінен қорғанып, оны абайсызда пышақпен өлтіріп алған келіншек ақталып шықты деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Астана телеарнасына сілтеме жасап.  width=   Көрнекі фото: ТАСС Әйел адам жолдасымен 7 жыл бойы азаматтық некеде тұрған, ерлі-зайыптылардың екі баласы бар. Күйеуі есірткіге құмар болған, алкогольді де ішкен көрінеді. Келіншектің сөзіне қарағанда, ер адам бүкіл жиналған ашу-ызасын өзінен алған екен. "Ол мені кез келген себеппен ұра беретін, шайды дұрыс қоймағаным үшін немесе тамақ әзірлемегенім үшін, кез келген ұсақ-түйек үшін ұратын. Ол мені тепкінің астына алып, бетімен ұрды, соңғы рет мені көршілер құтқарып қалды", – дейді марқұмның әйелі Татьяна. Ол апта сайын дерлік озбырды тыныштандыру үшін полицияның көмегіне жүгінген екен. Алайда күйеуі тек айыппұлмен ғана жазаланыпты. Отбасылық соңғы жанжалдың аяғы қайғылы оқиғамен аяқталған. Әйел адам күйеуіне пышақпен жаралаған. Жолдасы көп көлемде қан жоғалтып, қайтыс болған. Оқиға өткен жылдың тамыз айында болған. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін Татьяна бірден қамауға алынған. Бұл іс алты ай бойы "Адам өлтіру" бабы бойынша қаралып, оған 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төнген болатын. Бірақ сот күтпеген шешім шығарған. Белгілі болғандай "Адам өлтіру" бабы "қажетті қорғану шегінен шығу" деген бапқа ауыстырылған. "Судья Машиновтың қылмыстық істі мұқият қарауының нәтижесінде, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу туралы шешім қабылданды", – деді адвокат Әсел Сұлтанмұратова. Айыпталушыдан барлық айыптар алынып, ол сот залында босатылған. Бостандықты шектеу уақыты аяқталған, өйткені тергеу кезінде әйел адам 6 ай түрмеде отырған.