Құрманай Бақтиярқызы: Егер еркектер жалғызбасты әйелдерді төсекке тартса, әйелдердің өзі кінәлі
Құрманай Бақтиярқызы: Егер еркектер жалғызбасты әйелдерді төсекке тартса, әйелдердің өзі кінәлі
ашық дереккөзі
Ақын, асаба, бірнеше хит әндердің авторы Құрманай Бақтиярқызы сұхбат берді. Ол қазір немен айналысып жатқанын, нендей жаңалықтары барын айтты.
Құрманай Бақтиярқызы Тұрсынбек Қабатовты нөмірі бірінші әртіс деп атады. Ақын еліміздегі үздік үш асабаны атай алмады.
"Мен Тұрсынбекті нөмірі бірінші асаба емес, нөмірі бірінші әртіс, сатирик деп атар едім. Ал, басқаларын бірінші асаба деп атай алмаймын. Мен танитын асабаның бәрін нөмірі бірінші деп есептеймін. Бөліп-жара алмаймын", - деді ол.
Ақын карантинде уақытты бос өткізбей кітап жазған. Жаңа кітабын оқырманына ұсынып үлгерді.
Ақын қыз бірнеше рет күйеуге тиіп, ажырасып кеткен. Соңғы кездері Бақтиярқызын "байға тигіш шегірте" деп атаған әзілдер шықты. Алайда бұл ақынның көңілін көтерсеме, қаяу түсірмеген екен.
"Мен бұған әбден күліп алдым. Мен өзіме емес, әріптестеріме айтылған сөздерге күлдім. Неге Айнұрымды сақау шегіртке, Айгүлімді көкбет шегірте, Алтынайымды қорқыт шегіртке деп атайды", - деп қынжылады.
Құрманай ханым бұған дейінгі некедегі күйеулерінің өзін қадірлемегенін айтады. Өмірден өткенше өзін қадірлейтін адам іздейтінін жеткізді.
"Жалғызбасты әйелдерді басынып, қала берді төсекке тартатын жағдайлар көп. Бірақ мен оларды қатарынан емеспін. Мен ешқашан еркекке повод бермеймін. Тана өзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді деген бар. Егер әйел күйеуі бар бола тұра, басқаға күліп қарап отырса, егер қандай да бір себеп берсе, еркек оны қалт жібермейді. Төсекке тарса, ондай әйелдердің өзі кінәлі", - деді Бақтиярқызы.